Тікелей эфир

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді. Жаңа үлгімен таныс болыңыз

Құжатта енді азаматтың жынысы мен азаматтығын жазу жоспарланып отыр.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. 

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді оның иесінің жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

Жеке куәліктің жаңа үлгісі: 

Жеке куәліктің беткі жағы
Жеке куәліктің артқы жағы

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. ҚР азаматының жеке куәлігінің ағымдағы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде және оның машинадаоқылатын аймағында кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты, көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген Ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жаңа жобаны жария талқылау мерзімі – 21 мамырға дейін. 


Оқи отырыңыз: Алматыда 16 жастан асқан 14 мыңнан астам адамда жеке куәлік жоқ


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
287

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары