Тікелей эфир

Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер саны 100-ге дейін артады

Қазір мұндай елдердің саны – 79.

Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің саны 100-ге дейін артады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов мәлімдеді. 

"Шетелдік туристер үшін қолайлы климат жасалады. Визасыз елдердің тізімін 100-ге дейін арттыру (2022 жылы – 79 ел) мәселесі және жаңа тікелей рейстерді ашу пысықталып жатыр", – деді Асхат Оралов.

Сондай-ақ, министрдің міндетін атқарушы саладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар жалғасатынын айтты. Атап айтқанда, даму әлеуеті барынша жоғары туристік дестинацияларда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр.


Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим ұсыну мүмкіндігін қарастырады


Сонымен қатар, министрлік өңірлердегі бизнеске қолдау көрсететін болады. Қабылданған шаралардың негізінде кәсіпкерлік белсенділік артуы тиіс.

"Аталған шаралар жаңа салалық тұжырымдама шеңберінде іске асырылады. Нәтижесінде ішкі туристер саны 11 млн адамға дейін (2022 жылы – 8,6 млн), ал шетелдік туристер саны 4 млн адамға дейін (2022 жылы – 928 мың) өседі деп болжап отырмыз", – деді Асхат Оралов.

Серіктестер жаңалықтары