Тікелей эфир

Қазақстандықтар Ресей, АҚШ және Германияға жиі хат жазады

Биыл Қазақстанға шетелден 6 миллионнан астам хат пен сәлемдеме келді.

Қазпошта 140 елмен хат алмасуға мүмкіндік береді. Осы орайда қазақстандықтардың қай елдермен көбірек хат алмасатыны белгілі болды. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ Facebook желісінде хабарлады. 

Қазақстан көп хат алмасатын мемлекеттер тізімінде Ресей көш бастап тұр. Биылғы 9 айда Қазпошта Қазақстан мен Ресей арасында 900 мыңға жуық хат тасымалдаған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың Германия, АҚШ, Өзбекстанға жиі сәлемдеме жіберіп, АҚШ пен Германияға жиі хат жазатыны белгілі болды.

"Қазақстанға көбінесе Ресейден сәлемдеме келеді. Екінші орында – Германия, үшінші, төртінші орындарда АҚШ пен Қытай тұр. Мұнымен қатар, Қытай, Латвия сияқты елдер Қазақстанға 400 мыңнан астам хат жолдаған", – делінген Қазпошта хабарламасында. 

Жыл басынан бері қазақстандықтарға Қазпошта арқылы 6 миллионнан астам хат пен сәлемдеме келіп түсті. 

Серіктестер жаңалықтары