Құжатының қолданылу мерзімінің аяқталғанына 1 айдан асқан азаматтар 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.
1 сәуірден бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
"Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген. Енді мобильдік азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: "Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тегін 10 сотық жер алуға енді eGov.kz арқылы өтініш беруге болады
Сондықтан мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат "электрондық үкімет" порталындағы "жеке кабинетінде" ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-