2,6 миллионнан астам адамға 307 миллиард теңгеге жуық ақша төленеді.
Теңгелік салымдар бойынша өтемақы есептеуге арналған қаражат банктерге түсті, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.
"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", – деді қор төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар депозит бойынша 10 пайыз өтемақыны наурыз айында алады
"Өтемақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның ұлттық банкінің қаражаты есебінен төленеді. "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаны банктерге аударды. Аударылған қаражаттың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге. Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер сыйлықақыны екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 20 наурызына дейін) өтініш берген депозиторлардың шотына аударады. Сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрайды" делінген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасында.
Айта кетейік, банктер теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыздық сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдады.
Сыйлықақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиті ашылған банкке жүгінуге тиіс.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
305
-
0
-
10
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
281
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
258
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
274
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
242
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
228
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
204
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
233
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
234
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
205
-
0
-
0
-