Тікелей эфир

Қазақстандықтар Apple мен Tesla акцияларын көптеп алып жатыр

Жалпы $8 304,1 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 52 771 акциясымен 946 мәміле жасалды.

Қазақстан қор биржасы 2021 жылдың 6-10 желтоқсанында KASE Global секторындағы акциялармен сауда-саттық нәтижелерін ұсынды. Аталған кезеңде KASE Global секторында жалпы сомасы 3 619,3 млн теңге немесе $8 304,1 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 52 771 акциясымен 946 мәміле жасалды, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:

  • US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 2 759,1 млн тенге немесе $6 325,9 мың болатын 109 мәміле;
  • Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) – жалпы сомасы 412,3 млн тенге немесе  $949,3 42 мың болатын 42 мәміле;
  • Tesla, Inc. US88160R1014 (TSLA_KZ) – жалпы сомасы 68,9 млн тенге или $158,5 мың болатын 28 мәміле.

2021 жылдың 15 қарашасынан бастап KASE Global секторында шетелдік эмитенттердің 25 акциясымен, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.

Бастапқы кезеңде осы секторда сауда-саттық үшін америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар қолжетімді, сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттарында өткізіледі. Бағалы қағаздарға баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Еске салсақ, қазақстандықтардың Apple мен АҚШ банкінің акцияларын сатып алып жатқаны туралы хабарлаған едік. 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.

Серіктестер жаңалықтары