Тікелей эфир

Қазақстандықтар 300 мың теңге жалақыға құрылысшы болғысы келмейді

2020 жылмен салыстырғанда құрылыстағы бос жұмыс орны 53% көбейді.

2021 жылдың үшінші тоқсанында құрылыс саласындағы қызметкерлер саны 3% көбейіп, 640,7 мың адамға жетті, деп хабарлайды naryk.kz басылымы. 

Өткен жылдың осы уақытында саладағы жұмыскерлер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1% азайып, 621,8 мыңды құраған еді. Өңірлер бойынша ең көп құрылысшылар – астанада. Елордадағы құрылысшылар саны былтырғыдан 11,3% көбейіп, 74,7 мыңға жетті. Одан кейін Алматы мен Түркістан облыстарында құрылысшылар саны көп. 


Оқи отырыңыз: Құрылыс материалдарының құны сәуірден бері 50-70 пайызға көтерілген


 

Құрылысшы аз өңір – СҚО. Былтырғыдан 2,9% азайып, 11,2 мың болды. Өсім қарқыны бойынша ең алда – ШҚО. Шығыстағы құрылысшылар саны былтырғыдан 25,3% көбейіп, 34,1 мыңға жетті. Ал ең көп азайған өңір – Қарағанды. Орталық Қазақстандағы құрылысшылар саны 7,6% азайып, 35,9 мыңды құрады. 

2020 жылмен салыстырғанда құрылыстағы бос жұмыс орны 53% көбейді. Құрылысшыларға сұраныстың артуы, елде жылжымайтын мүлік саудасының көбеюі мен тиісінше жаңа үйлердің көптеп салына бастауы. 

Қазір құрылысшылардың орташа жалақысы 314,3 мың теңге. Бұл былтырғыдан 32,5% көп. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары