USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қазақстандық жасөспірімдерге түнгі уақытта курьер немесе даяшы болып жұмыс істеуге бола ма

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Биыл кәмелетке толмағандардан немесе олардың ата-аналарынан шағым түспеген.

Қазақстанда жасөспірімдердің түнгі уақытта курьер немесе даяшы болып жұмыс істеуіне қатысты Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы орынбасары Талғат Үмбетияров пікір білдірді.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынған. Сонымен қатар еңбек инспекторлары қоғамдық тамақтану орындарына өз бастамасымен тексеру жүргізе алмайды.

"Барлық тексеру қызметкерлердің құқықтары бұзылғаны туралы өтініштердің негізінде ғана жүргізіледі. Жазғы демалыс кезеңіне байланысты Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайда және қандай жұмысқа тартуға болатыны жөнінде жадынамалар таратылуда. Бұл жұмыс қоғамдық тамақтану орындары мен автокөлік жуу бекеттерінде жүргізілуде", – деді Талғат Үмбетияров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның мәліметінше, биыл балаларды түнгі жұмысқа тартуға қатысты ешқандай шағым түспеген. Сондықтан ықтимал заңбұзушылықтарды тексеруге құқықтық негіз жоқ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 14 пен 18 жас аралығындағы 1,7 миллион жасөспірімнің жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Алайда олардың кейбірі жалақының кешіктірілуіне тап болған. Осыған байланысты елімізде жасөспірімдерді еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдауға тыйым салу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау