Қазақстандық оқушылар Нью-Йорк төрінде "Әлқисса" күйін күмбірлетті

Фото: "Әлқисса" өнер мектебі
Фото: "Әлқисса" өнер мектебі
Өнер ұжымы New York International Competition for Performing Arts байқауының бас жүлдесін иеленді.

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. "Әлқисса" өнер мектебінің дарынды шәкірттері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барып, ұлттық өнеріміздің асқақтығын паш етіп қайтты. Бұл сапар – тек өнер көрсету ғана емес, қазақ рухын, ұлттық болмысты жаһан жұртшылығына танытқан маңызды мәдени миссия болды.

Өнер орталығының негізін қалаушы Қанат Сәденнің айтуынша, ұжымның басты мақсаты – қазақ домбырасының үнін әлемге жеткізу. Осы жолда жас өнерпаздар үлкен белесті бағындырды. Ең алдымен, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми іс-шарасында өнер көрсетіп, бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл – "Әлқисса" ұжымының ғана емес, күллі қазақ өнерінің мәртебесін көтерген ерекше сәт.

Сонымен қатар, Нью-Йорктың жүрегі саналатын әйгілі Times Square алаңындағы қызыл баспалдақта қазақ балаларының домбырамен өнер көрсетуі – көпшіліктің таңданысын тудырды. Қос ішектен төгілген күйді тыңдаған шетелдіктер мен америкалықтар ұлттық өнерімізге сүйсіне қарап, ерекше ықылас танытты. Бұл – домбыраның шексіз құдіреті мен қазақ мәдениетінің тереңдігін айқын дәлелдеген көрініс.

Фото: "Әлқисса" өнер мектебі

Сапар барысында "Әлқисса" өнерпаздары халықаралық деңгейдегі беделді New York International Competition for Performing Arts байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. 

"Нью-Йорк төріне 42 жас домбырашы аттанып, ел сенімін абыроймен ақтап қайтты. Қаншама жаңалықтар біз туралы жарыса жазды. Сол сәтте артымызда тәуелсіз Қазақстан тұрғанын терең сезіндік", – дейді Қанат Сәден.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз