Тікелей эфир

Қазақстандық оқушылар әлеуметтік көшбасшылық бағдарламаға қатысады

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 10-сынып оқушылары іріктелді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы жастардың әлеуетін дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер беретін Beginit by inDrive тегін әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Іріктеудің бірінші кезеңінен еліміздің 6 өңірінен, соның ішінде Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 10-сыныптардың 194 оқушысы өтті.

"Қазақстан – жас дарындар мекені. Оқушылардың белсенділігі, олардың қоғамды өзгеруге және өзгертуге деген ұмтылысы таң қалдырды. Өмірге құштарлығы және жалындаған ниеттері олардың болашағы мен ел болашағының табыстылығына толық сенімділік береді, ал біз, өз кезегімізде, бағдарлама серіктестерімен бірге оларды одан әрі оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз" – дейді Beginit by Enrive жобасының жетекшісі Елена Тропинова.

Жеңімпаздар Алматы тау бөктеріндегі оқу лагерінде оқиды. Сондай-ақ, онда көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша арнайы сабақтар өтеді. Арнайы оқу бағдарламасына зерттеулер құруды үйренеді, еліміздің әр түкпірінен келген құрдастарымен пікір алмасып, бизнестегі, ҮЕҰ мен креативті индустриядағы жетекші сарапшылардан кеңес алу енген.


Оқи отырыңыз: Қысқы каникулда қазақстандық оқушылар неше күн демалады?


Оқыту курстары оқушыларға құнды білімге қол жеткізуге мүмкіндігімен шектеліп қалмай, өз өңірлері үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Үздік қатысушылар Алматы қаласының invision U жаңа инновациялық университетіне бағалы сыйлықтар мен толық гранттар, сондай-ақ өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін қаржыландыру алады.

Бұл бастаманы Astana Hub және Zhambyl it Hub, Jaiq Hub, Qostanai it Hub, Terricon Valley, Pavlodar it Hub, Oskemen it Hub сияқты жергілікті технологиялық хабтар қолдады. Жоба аясында іріктеуден өтпей қалған оқушылар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға осы технопарктерде құрылған қауымдастықтардың тегін мастер-класстар, дәрістер мен оқыту семинарлары жыл бойы қолжетімді болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары