Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева "Славян базары" байқауында Гран-при иеленді

Фото: "Витебскідегі Славян базары"
Фото: "Витебскідегі Славян базары"
Финалда әнші "Вечность" композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті.

XXXIV Халықаралық "Витебск-2025" эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық әнші Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

2025 жылғы 10–13 шілде аралығында Беларусь Республикасында "Витебскідегі Славян базары" XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты. 

Финалда әнші "Вечность" композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 

Бірінші жүлдені Беларусь әншісі Лера Бернатович алды. Екінші жүлде армениялық Давид Киракосян мен италиялық Доменико Барбераға бұйырды. Үшінші жүлде ресейлік Ерік Ахметовке тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз