Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды", – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 43 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
Оқи отырыңыз: Экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіптік негіз құру: Президент Жолдауы қалай жүзеге асып жатыр
USD:
490.3 / 493.1
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…