Тікелей эфир

Қазақстандағы көліктердің саны 5 миллионнан асты

Ел аумағында 507 547 жүк көлігі мен 105 505 автобус бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде тіркелген машинаның 87,9 пайызы – жеңіл көліктер. Олардың саны – 4 миллион 472 мыңнан астам, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ел аумағында 507 547 жүк көлігі мен 105 505 автобус бар. Жеңіл көліктердің 4 миллионнан көбі бензинмен жүрсе, 364 мыңы дизельмен жүреді. Тоқпен жүретін темір тұлпарлардың саны жыл сайын көбейіп, 5342-ге жетті.

Сондай-ақ, Қазақстанда ескі көліктердің саны әлі де көп. Әрбір екінші автомобиль 20 жылдан артық қызмет еткен. Олардың саны – 2 400 000. Ал жаңадан шығарылған машиналардың саны 500 мыңға да жетпейді.


Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр.


 

Серіктестер жаңалықтары