Тікелей эфир

Қазақстандағы ғарыш жүйелерінің екі ұлттық операторы да міндетінен бас тартты

Олар 2023 жылғы 20 маусымда ғана ұлттық оператор болып айқындалған еді.

Қазақстанда ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары өзгереді. Өйткені, 2023 жылғы маусымда ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары болып айқындалған "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ өздерін ұлттық операторлар тізімінен алып тастау жөнінде өтініш білдірген. 

Соған сай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өткен жылғы ұлттық операторларды айқындау жөніндегі бұйрығының күші жойылмақ. Бұл туралы жаңа бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Жаңа ұлттық операторлар қашан және қалай айқындалатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.


Оқи отырыңыз: Гагарин бейнеленген марка құны – 350 доллар. Қазақстанда марка жинап табыс табуға бола ма?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
3

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары