Прямой эфир Новости спорта

Қазақстандағы ең төменгі жалақы он мың теңгеге өсіп, 70 мың болады

Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.

Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізіп жатыр. Бұл жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Алда зейнетақы жүйесі қайта жаңартылады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай өзгерістер 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары