USDUSD: 501.7 / 504.3
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +15C
Все города

Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша қанша ота жасалды? Үкімет жауабы

Фото: swissinfo.ch
Фото: swissinfo.ch
Мұндай оталар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалында қойған "Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша қанша ота жасалды?" деген сұрағына жауап берді. 

Премьер-министрдің сөзінше, Қазақстанда қазіргі таңға дейін жынысты хирургиялық түзету жағдайлары елдің медициналық ақпараттық жүйелерінде тіркелмеген. 

"Жыныс ауыстыру бойынша оталар мемлекеттік бюджет, оның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылмайды. Аталған ақша көздерінен қаржыландырылатын медициналық қызметтер тізімінде пластикалық отаның бұл түрі жоқ", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында. 

Еске салайық, депутат Магеррам Магеррамов "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстегі 21 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс азаматтардың жынысын ауыстыруға құқығы барын растайтын бапты сынға алған болатын. 


Оқи отырыңыз: Жыныс ауыстыру оталарына тыйым салу қажет


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары