Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлерге 882 миллион теңге қарыз

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Оның дені еңбек қатынастары саласында.

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлерге 882 миллион теңге қарыз, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бас-аяғы 92 кәсіпорын екі мыңнан астам адамға айлықты уақытылы бермеген. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде төрт мыңға жуық адамның еңбек құқығы бұзылған. Оның дені еңбек қатынастары саласында. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласында да олқылықтар көп. 

Тексеріс қорытындысына сәйкес, өз міндеттемелерін орындамаған өндіріс ошақтарының басшыларына 233 миллион теңге айыппұл салынған. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары