Абай облысында жол-көлік оқиғаларын тіркеу кезінде электронды сызбаларды құрастыратын жаңа функция сәтті жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, инновациялық функция полиция қызметкерлеріне оқиғаның барлық мән-жайы мен егжей-тегжейлерін электронды схемаларды пайдалана отырып, оқиға орнында тез және дәл түсіруге мүмкіндік береді.
"Бұл жазатайым оқиғаны тіркеу процесін айтарлықтай жылдамдатып қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік іс жүргізудің дәлдігі мен ашықтығын арттырады. Бұл құрал Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті арасындағы ынтымақтастық аясында "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінің мобайл қосымшасы арқылы жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.