Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерге арналған күнтізбені жариялады.

Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді.

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау мерзімі – 20 маусым-25 тамыз.

"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі).

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады.

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді.

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз