Елімізге "Қазақтелеком" АҚ жеті мыңнан астам 5G станциясын орнатады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының қоғамдық кеңес отырысында компания басшылығы мәлімдеді.
Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында "МТ-S" ЖШС және "Kcell" АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткен.
"2027 жылға қарай компаниялар еліміз бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі", – деді компания басшысы.
"Қазақтелеком" мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.