Тікелей эфир

Қазақстанда жеңіл атлетиканы дамыту жаңа жолға қойылады

Бұл үшін Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы "Астана" олимпиадалық даярлау орталығынан бөлініп, жеке отау тігеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жеңіл атлетиканы дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығын "Астана" олимпиадалық даярлау орталығынан шығарып, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне тікелей бағынышты ету жоспарланып отыр.

Бұл өзіндік жаттығу базасы бар жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығын құруға, олимпиадалық спорт түрлері бойынша жасөспірімдер, юниорлар, жастар құрама командаларының спортшыларын сапалы даярлауды және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, мұндай бастама 2022 жылдың соңында да көтерілген болатын. Алайда, ол кезде спорт саласы Мәдениет және спорт министрлігінің құзырына жататын.


Оқи отырыңыз: Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы жеке отау тігеді


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 30 қазанға дейін.

Серіктестер жаңалықтары