Тікелей эфир

Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады

Бұл норма қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамыз ету үшін енгізілгелі отыр.

Бұдан былай ешқандай мемлекеттік орган немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері азаматтың дербес деректері сақталған құжаттардың қағаз нұсқасын сұрай алмайды. Бұл норма қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамыз ету үшін енгізілгелі отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Соңғы жылдары қарапайым қазақстандықтарға, тіпті мемлекеттік органдарға кибершабуылдардың көбейгені айтылып келеді. Енді заңға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Мәселен, бұдан былай жеке құжаттардың көшірмесін жасауға және өңдеуге тыйым салынады. Сондай-ақ, мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Бұл ведомсвто дербес деректердің айналымы мен сақталуын бақылайды.

"Заңдарда тікелей қарастырылған жағдайды қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салу қарастырылған. Бұл да азаматтардың дербес деректерін басқа мақсаттарда қолдануына жол бермеуін қамтиды. Ал иммигранттар, резидент еместер, көшіп келушілер бар – олардан талап етілетін болады", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов.


Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында 52 жыл құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды.


Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазір Egov порталына несие алудан ерікті түрде бас тарту тетігі енгізілген. Енді, осы атына несие рәсімдеуге тыйым салу қызметіне құқықтық мәртебе беріледі. Сол арқылы интернет алаяқтардың дербес деректерді пайдалануы шектелмек.

"Бұл қызмет қазірдің өзінде қолжетімді. Енді заң аясында құқықтық мәртебе береміз. Демек, банктер тұтынушының кредиттен бас тартқанын есепке алуға міндетті болады. Ал әрбір оператор реттеушіге дербес мәліметтердің таралғаны жайлы үш күн ішінде хабарлауға тиіс", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ.


Сондай-ақ, жеке мәліметтер жариялануы мүмкін мемлекеттік корпорациялардың қызметі мемлекеттік қызметпен теңестіріледі. Сәйкесінше, әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік артады. Ал «дербес дерек» ұғымына нақты анықтама берілген соң, маңыздылығына қарай айыппұл көлемі ұлғайтылмақ.

Серіктестер жаңалықтары