2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2 трлн 804,4 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Аталған соманың ішінде:
- 907,4 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
- 1 трлн 897 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға бағытталды.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 млн 503 мың зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы мөлшері – 142 894 теңге. Оның ішінде:
- ынтымақты зейнетақы – 95 326 теңге,
- базалық зейнетақы – 47 568 теңге.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- базалық зейнетақы 6,5%-ға,
- ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға көтерілді.
- Бұл өсім инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде базалық зейнетақы кезең-кезеңімен артып, ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ең жоғарысы 120%-ына жетеді.
2025 жылдан бастап жаңа мөлшерлер:
- ең төменгі базалық зейнетақы – 32 360 теңге,
- ең жоғары базалық зейнетақы – 50 851 теңге.
Еңбек өтілін есептеу тәртібі:
- 10 жылға дейін – күнкөріс деңгейінің 70%-ы,
- 10 жылдан асқан әр жыл үшін – қосымша 2%,
- 20 жыл – 90%,
- 30 жыл және одан көп болса – 110%.
Министрлік мәліметінше, зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетке шығар алдындағы орташа табысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар міндетті жарналарды тұрақты әрі толық төлеу – болашақта базалық зейнетақының артуына ықпал етеді.
USD:
479.7 / 482.5
EUR:
553.0 / 558.0
RUB:
5.61 / 5.81