Қазақстанда "Жастар практикасына" қатысушылардың жалақысы өседі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Субсидия мөлшерін 30 АЕК-тен кем емес мөлшерде арттыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда қазіргі таңда "Жастар практикасына" қатысушылардың жалақысы 30 АЕК-ті (2025 жылы 117 960 теңге) құрайды. Енді оны арттыру мақсатында бағдарламаға бөлінетін субсидия көлемін 30 АЕК-тен кем емес мөлшерде ұлғайту жоспарланып отыр. 

"Бұл жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджет мүмкіндігінің негізінде жастар практикасына қатысушылардың жалақысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады", – делінген үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында

Бұған дейін мәжіліс депутаттары "Жастар практикасына" қатысушылардың айлық жалақысын 30 АЕК-тен 40 АЕК-ке, ал ауылдық жерлерде 45 АЕК-ке дейін көбейту бойынша ұсыныс тастаған болатын. 

Еске салайық, "Жастар практикасы" жобасының негізгі мақсаты – жоғары оқу орны мен колледж бітірген түлектерді алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтау үшін 12 айға уақытша жұмысқа орналастыру және олардың тұрақты жұмыспен қамтылуға көшуін жеңілдету. Жастар практикасына қатысушылардың басым бөлігі – педагогика, медицина бойынша білім алған түлектер, яғни, мұғалімдер, тәрбиешілер және медицина қызметкерлері. 

2024 жылы жастар практикасына 33 336 жас маман жіберілді, оның ішінде 16 159 маман білім беру мекемелеріне, 4844-і – медицина ұйымдарына жіберілді. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз