Тікелей эфир

Қазақстанда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама тарататындар көбейді

Былтыр 141 қылмыстық іске тергеу жүргізілсе, биыл 160 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер де мұндай қылмысқа жиі барады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Биыл жалған ақпарат таратқан 14 бала ұсталып, олардың ата-анасына қомақты сомада айыппұл салынған. Сондай-ақ, 39 адам жауапкершілікке тартылып, 12 жалған хабар таратушы адам сотталған.


Оқи отырыңыз: Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан оқушы сотталды


Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 273 бабының санкциясына байланысты мұндай қылмысқа барған азаматтарға 5000 Айлық есептік көрсеткіш, яғни 17 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. 14 жастан асқан балалар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Мұндай хабарлар Астана және Алматыдан жиі келіп түседі. Соңғы уақытта Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында электрондық жалған терроризм жағдайлары көбейді. "Жарылғыш зат қойылды" деген хабарларда көбінесе көлік құралдары, білім беру, денсаулық сақтау және сот мекемелері көрсетіледі", – деді ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Азамат Хасенов.

Серіктестер жаңалықтары