Тікелей эфир

Қазақстанда жануарларға 23 түрлі ауруға қарсы екпе салынады

Оған қоса, ерекше қауіпті 25 ауруға диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2024 жылғы көктемгі кезең аясында кең ауқымды ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар басталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл іс-шаралардың мақсаты – эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және республика бойынша жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау.

"Жануарлардың ерекше қауіпті 25 ауруы, оның ішінде бруцеллез, лейкоз, жылқы жұқпалы анемия және т.б. бойынша 13 635,6 млн теңгеге 74,9 миллионнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 178,2 млн манипуляция жасау жоспарлануда. Бүгінгі таңда республикалық қорда жануарлар мен құстардың 23 ауруына қарсы 77 млн доза вакцина бар, олар көктемгі кезеңнің алдын алу шараларын уақтылы жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жолдануда", – делінген хабарламада.

Іс-шараларға бүкіл ел бойынша ветеринариялық қызметтер, соның ішінде ветеринариялық станциялар мен пункттер қатысады. Үй жануарларының иелері жануарларын тексеру және вакцинациялау үшін қолжетімді етуге шақырылады.

Бұл бастама жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупін азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес диагностика және екпе жұмыстары басталып кетті.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары