Тікелей эфир

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке күнін енгізу жоспарланып отыр

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір болып белгіленбек.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесі тағы бір тармаққа артады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстанда Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күнін енгізу жоспарланған. Ол 15 сәуір болып белгіленеді.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер саласында қызмет көрсететіндер саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.

"Алайда, бүгінгі күні олардың өздерінің кәсіби мерекесін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді", – деп жазылған министрліктің түсіндірме жазбасында.


Оқи отырыңыз: Электрондық үкімет қызметі Aitu қосымшасымен біріктірілді


Құзырлы ведомствоның зерттеуінше, аталмыш кәсіби мереке Грузия, Әзербайжан, Оңтүстік КОрея елдерінде бар.

"Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді", – делінген түсіндірме жазбада.

Қаулы жобасы 1 наурызға дейін онлайн форматта талқыланады.

Серіктестер жаңалықтары