Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда вейп шегуге және сатуға тыйым салынады

Ол денсаулық сақтау туралы кодексте бекітіледі.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда вейп сату мен шегуге заңмен тыйым салынатынын хабарлады.

Депутаттар мұндай түзетуді денсаулық сақтау туралы кодекске енгізбек.

"Қазақстанда вейп сату мен пайдалануға тыйым салатын түзетулерді енгізу туралы шешім қабылдадық. Шегетін қоспалар, сұйықтықтар, газдар – олардың бәрін тұтынуға Қазақстанда рұқсат етілмейді", – деді Аманжан Жамалов.

Ол, сондай-ақ, шылым стиктеріне темекі акцизінің 70 пайызы мөлшерінде акциз енгізілетінін мәлім етті.


Оқи отырыңыз: Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары