Тікелей эфир

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 ардагері қалды

Сондай-ақ, елде Жеңіске үлес қосқан 60 106 азамат тұрады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу құрметіне ҰОС ардагерлеріне кемінде 1,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомство мәліметіне сәйкес, ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.


Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы тарихын жақсы білесіз бе? Тест


"2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

  • ҰОС қатысушылары үшін – 220 754 теңге (161 адам);
  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 229 286 теңге (61 адам);
  • басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак) аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері үшін – 215 201 теңге (25 752 адам);
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 182 782 теңге (3 648 адам);
  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 140 838 теңге (14 424 адам);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 148 892 теңге (57 436 адам)", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары