Қазақстанда тергеу ісіне жасанды интеллект енгізіледі

Фото: Dalle-3
Фото: Dalle-3
Үкімет қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы бекітті.

Қазақстан Үкіметі 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы бекітті. Құжат елдегі құқықтық мәдениетті нығайтуға, заң үстемдігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Тұжырымдама аясында Ішкі істер министрлігінің ситуациялық-талдау орталығының функциялары кеңейтіледі. Жаңа жүйе жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, тергеу процестерін автоматтандыруды көздейді.

Атап айтқанда, камералардан түсетін бейнеағындардан бет-әлпетті және көлік нөмірлерін тану, әлеуметтік желілердегі қауіпті белгілерді бақылау, қылмыстық статистика негізінде қылмыс ошақтарын болжау жүзеге асырылады. Сонымен қатар, дәлелдемелерді автоматты түрде салыстыру, тергеушілердің шешім қабылдауына көмектесетін бағдарламалармен жабдықтау, тергеушілерді жаңа цифрлық криминалистика мен жауап алу әдістеріне оқыту жоспарланған.

Тергеу сапасын арттыруға бағытталған бұл жаңашылдықтар құқық қорғау жүйесінің тиімділігін көтеріп, қоғамда заң мен тәртіпке деген сенімді нығайтпақ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары