Қазақстанда тағы үш ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қарағанды – Алматы тасжолында орташа жылдамдық өлшенетін болады.

Биыл Қазақстандағы бірнеше ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі іске қосылады. Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бақылау құралдары Қарағанды – Алматы, Өскемен – Талдықорған және Қорғас – Алматы бағыттарында орнатылады.

Үкіметтегі брифингте Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет биыл тағы үш негізгі бағытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа жүйе Қарағанды – Алматы автожолы, Өскемен – Талдықорған автожолы және Қорғас – Алматы автожолы учаскелерінде орнатылады.

"Биыл негізгі учаскелер – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған, сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі жолда енгізіледі", – деді Мақсат Баяхмет.

Оның мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі жұмыс істейтін жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау