Қазақстанда тағы бір санаттағы азаматтар үшін пойыз билетіне 50 пайыз жеңілдік енгізіледі

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар.

Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Жаңартылған нормалар ерекше қажеттігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сонымен қатар ерекше қажеттігі бар балаларды алып жүретін жандардың пойыздардағы жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр.

"Сонымен қатар енді ерекше қажеттігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Көлік ведомствосы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажет ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі", – деп жазылған хабарламада.

Аталған жаңашылдықтарды Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің мамандары дайындады. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр. Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарға 50% жеңілдік қарастырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары