USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ведомство шекті көтерме бағаны сол деңгейде қалдыруды жоспарлап отыр.

Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.

2024 жылғы 26 маусымда Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын өндіруші зауыттар үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тоннасына 45 158 теңге деңгейінде шекті көтерме бағаны бекітті. Мұндай бағалар 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ведомство шекті көтерме бағаны сол деңгейде қалдыруды жоспарлап отыр.

"Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан, бір тоннасы үшін 45 158,00 (қырық бес мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерiнде бекітілсін", – делінген жобада.

Жоба 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз