Қазақстанда су тасқыны салдарынан жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелері жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
«2024 жылғы 16 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны орын алды», – деп жазылған хабарламада.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес облысында жолдарды су басуына байланысты көлік қозғалысы шектелді
USD:
521.5 / 524.1
EUR:
611.5 / 616.5
RUB:
6.45 / 6.57