Ол біліктілік санаты үшін беріледі.
Қазақстанда балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтарына, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда:
- педагог-модератор біліктілік санаты үшін – лауазымдық еңбекақының 30 пайызы;
- педагог-сарапшыға — лауазымдық еңбекақының 35 пайызы;
- педагог-зерттеушіге – 40 пайызы;
- педагог-шебер біліктілік санаты үшін — лауазымдық еңбекақының 50 пайызы мөлшерінде үстемеақы көзделген.
Қазір елде дене шынықтыру және спорт саласында 66 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар. Оның ішінде мамандардың шамамен 42 пайызы немесе 28 мыңнан астамы ауылдық жерлерде қызмет атқарады.
Оқи отырыңыз: Жаттықтырушы-оқытушыларды ынталандыру төлемдері енгізіледі
Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбектің айтуынша, жыл сайын 2 мыңға жуық мектеп түлегі жоғары оқу орындарына "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына оқуға түседі. Бүгінгі таңда университеттердің білім беру бағдарламалары жаңартылып, оларға "Спорт менеджменті", "Спорт психологиясы", "Денсаулық менеджменті", "Спорттық құқық", "Спорттық медицина", "Спорт журналистикасы" және басқа да жаңа пәндер қосылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
258
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
253
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
257
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
255
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
249
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
249
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
247
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
241
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
226
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
222
-
1
-
5
-