Қазақстанда шетелден әкелінген телефондар тіркелмей жатыр. Жауапты компания не дейді?

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сатушылар Үкіметтен араласуды талап етті.

Қазақстанда шетелден әкелінген ұялы телефондарды IMEI коды арқылы тіркеу мәселесі ушығып тұр. Әсіресе Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан жеткізілген смартфондардың коды қабылданбай, құрылғылар бұғатталып жатқаны айтылып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сатушылардың сөзінше, жаңа телефондар ғана емес, 4–5 жыл бұрын сатылған құрылғылар да істен шығып, тұтынушылардың шағымы көбейген.

Кәсіпкерлер Үкіметтен телефон верификациясын жеңілдетуді талап етуде. Айтуларынша, өтініштерге нақты жауап жоқ, ал тіркеу процесі ұзақ әрі күрделі. Кейбіреулер делдалдарға 30–50 мың теңге төлеп, құрылғыларын тіркетуге мәжбүр екенін айтады.

Сатушы Анель Ерғазинованың айтуынша, шетелден әкелінген телефондар тіркеуден өтпей қалған. Ал Ғабит Әбілдаев 2025 жылғы 25 наурызда қабылданған талаптарға дейін сатылған телефондардың өзі бүгінде екінші SIM-карта салынғанда қайта верификация сұрайтынын жеткізді. Оның сөзінше, тіркелмеген құрылғылар "сұр тізімге" еніп, бір айдан соң толық бұғатталады.

Сатып алушылар да шығынға баттық дейді. Динара Сәменованың айтуынша, 2023 жылы сатып алынған екі телефон да верификация талап етіп, бұғатталған. Құзырлы органдар мәселені бір-біріне сілтеп, нақты шешім ұсынбағанын айтады.

Қазақстанда ұялы құрылғыларды тіркеумен "ATS MEDIAFON KZ" ЖШС айналысады. Компанияның коммерциялық директоры Мәди Шерім телефондар шығарылған еліне қарай бұғатталмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, басты талап – құрылғының заңды жолмен әкелінгенін растайтын құжаттардың болуы. Кедендік рәсімдеусіз және тиісті төлемдерсіз әкелінген тауарлар тіркелмейді.

Компания мәліметінше, жеке тұлғалар телефондарын тегін тіркей алады, ал кәсіпкерлер бір құрылғы үшін 4 325 теңге төлейді. Сонымен қатар мекеме сайт тәулік бойы жұмыс істейтінін және ақау жоқ екенін алға тартты.

Қазіргі таңда нақты қанша телефонның IMEI коды қабылданбағаны белгісіз. Наразылық білдірген кәсіпкерлер тіркеу ісін мемлекеттің өз бақылауына алуды талап етсе, жауапты компания диалогқа дайын екенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз