Тікелей эфир

Қазақстанда Салтанат Нүкенова атындағы қор құрылды. Ол кімдерге көмектеседі

Айтбек Амангелді таяу уақытта қордың жарғысы мен стратегиялық жоспарын жариялайтынын хабарлады.

Қазақстанда Салтанат Нүкенова атындағы қор құрылды. Оны Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді құрды. 

"Таяу уақытта Салтанат Нүкенова қорының жарғысы мен стратегиялық жоспарын жариялаймыз. Бұл қор біздің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерге көмек көрсетумен шұғылданады. Біз жеке тұлғалардан қаржы жинамаймыз, бірақ, қолдау мен серіктестік ұсыныстарға қуанамыз", – деп жазды ол Instagram желісінде. 

Айтбек Амангелді Информбюро порталына берген эксклюзив сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылық Қазақстанда асқынып тұрған проблема екеніне тоқталған болатын. 

"Қазір әртүрлі жаңалық шығып жатыр. Кішкене ғана төрт жасар баланың өлімі қатты ауыр тиді. Қазіргі заңнамаға сәйкес мұндай қылмысқа 20 жылға дейін соттайды. Бұдан асқан қандай зұлымдық болуы мүмкін?! Түзетулердің арқасында өмір бойына дейін соттауға болады. Маусым айының ортасынан бастап заң күшіне енеді. Оның дәл қазір қолданыста жоқ екені өкінішті. Себебі бұл адамдар осыған лайық. Баланы өлтіргені үшін қандай әділ жаза болуы мүмкін екенін білмеймін. Кішкене қорғансыз баланы өлтіргені үшін 20 жыл беру жеткілікті ме? Меніңше, бұл аз", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары