Көшті ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлері бастап тұр.
Қазақстанда 1991 жылы тәуелсіздік алғалы 12 премьер-министр ауысып үлгерді. Солардың ішінде Кәрім Мәсімов екі мәрте әртүрлі уақытта мемлекеттік қызмет атқарды: 2007 жылдың 10 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 24 қыркүйегіне дейін және 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап 2016 жылдың 8 қыркүйегіне дейін. Ол қызметін 2084 күн немесе 5,7 жыл атқарды. Ал екінші рет қызметке келгенде 890 күн немесе 2,4 жыл жұмыс істеді. Мәсімов ұзақ уақыт мемлекеттік қызметте болғандар тізімінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Жұмыс істеу ұзақтығына қарай екінші, үшінші орындар да экс-премьер-министрлерге тиесілі болды. Олар Даниал Ахметов пен Әкежан Қажыгелдин: 3,6 жыл және 3 жыл. Қазіргі премьер-министрді есепке алмағанда, бәрінен аз бұл қызметте Иманғали Тасмағамбетов болды: 2002 жылдың 28 қаңтарынан бастап 501 күн немесе 1,4 жыл.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа үкіметтің құрамын бекітті
Еске салсақ, 1991 жылы 16 қазанда бірінші премьер-министр болып Сергей Терещенко тағайындалды. Ол бұл қызметте 1092 күн немесе 3 жыл болды.
Қазіргі сәтте елде 18 министр бар. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлері жиі ауысты: әр ведомствода 19 адамнан. Сондай-ақ, қаржы, денсаулық сақтау және қорғаныс министрліктерінің басшылары жиі ауысатын болып шықты. Алғашқы екеуінде – 14 ретnty, соңғысында 13 министр болды.
Ал бәрінен аз төтенше жағдай мен сауда және интеграция министрліктерінің басшысы ауысатыны белгілі болды. Ведомство жуырда ғана құрылғандықтан, олардың бірінші басшылары да ауысып үлгермеді: алғашқысы 2020 жылдың 9 қыркүйегінде және кейінгісі 2019 жылдың 17 маусымында құрылған еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
333
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
310
-
0
-
1
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
281
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
262
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
255
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
249
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
287
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
307
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
305
-
0
-
0
-