
Астанада өткен Орталық-Азия пошта саммитінде Boston Consulting Group директоры Артём Стёпин логистикалық компаниялар арасында баға қалыптастыру, тариф белгілеу мәселелері бойынша өз ойын айтты.
Маманның пікірінше, тариф – қызмет бағасының көрсеткіші емес, ол – клиенттер мен серіктестермен қарым-қатынасты басқаруға мүмкіндік беретін стратегиялық құрал. Ол электронды коммерция саласында қызмет ететін клиенттер мен корпоративтік клиенттерге арналған компания стратегиясын жүзеге асыруға көмектеседі.
Boston Consulting Group зерттеуінше, соңғы 4 жылда сәлемдеме тасымалымен айналысатын жетекші халықаралық операторлардың кірісі орта есеппен 20 пайызға өскен. Бұл ретте жоғары бәсекелестік жағдайында қызмет ететін, электронды коммерция сегментін белсенді дамытып жатқан компанияларда тарифтің тұрақтанғаны, тіпті төмендегені байқалған.
"Бұл компаниялардан операциялық тиімділікті арттыруда және жаңа технологияларды ендіруде белсенді болуды талап етеді", – деп атап өтті Артём Стёпин.
Оқи отырыңыз: Гагарин бейнеленген марка құны – 350 доллар. Қазақстанда марка жинап табыс табуға бола ма
Сарапшы, сондай-ақ, Қазақстан жағдайына да ерекше тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан үшін бүгінде салмақ-габаритті тарификация жүйесі өте өзекті. Өйткені, тіпті, бағдар бірдей болғанымен, жеткізу құны сәлемдеменің салмағы мен көлеміне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай тәсіл нақты мәліметтер мен логистикалық шығындар базасында жаңа тарифтік модельді қалыптастыруға негіз болады.
"Клиенттермен серіктестік қарым-қатынас құратын және өзгерістерге икемді әрекет ететін компаниялар нарықты басымдыққа ие болады", – деп қорытындылады Boston Consulting Group директоры.