Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесін өзектілендіру шеңберінде аудандарды дамыту жоспарлары әзірленді. Оларды жүзеге асыру мақсатында аудандардың даму жоспарларын іске асыру үшін инвестициялық жоспар мен перспективалы және проблемалы өңірлердің картасын әзірленеді. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берен жауабында айтылған.
"Инвестициялық жоспар жалпы аудан мен әрбір ауылдық округті жеке дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың тізбесін қамтиды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Инвестициялық жоспармен қатар ауылдық округтер бөлінісінде экономиканың неғұрлым осал салаларын айқындауға мүмкіндік беретін басым және проблемалы өңірлердің картасы әзірленуде. Карта негізінде аумақтарды қаржыландыруға басымдық беру жүйесі қалыптастырылады", – деп түсіндірді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, бұл тәсілді іске асыру аудандардың, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейіне және нақты сұранысына бағдарланған қаржы ресурстарын нысаналы бөлуді қамтамасыз етеді.
"Жоба аясында Цифрлық отбасы картасы базасында әкімнің цифрлық жұмыс орнының жеке модулі әзірленіп, елдің 17 өңірі бойынша 34 ауылдық округте пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы нәтижелер ауыл деңгейіндегі басқарушылық процестерді цифрландыру әкімшілік жүктемені төмендетуге, есептілікті автоматтандыруға, мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы болуын арттыруға, сондай-ақ шешім қабылдауда деректерге негізделген тәсілге көшуге мүмкіндік беретінін көрсетті", – деді премьер-министр.
USD:
489.5 / 492.5
EUR:
572.0 / 577.0
RUB:
6.23 / 6.35

