Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылады

Фото: 08info.kz
Фото: 08info.kz
Заң жобасын мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылмақ, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа жүйеге енгізілген кәсіпорындар ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

Мәжіліс депутаттары Қытай тауарларына "Қазақстанда жасалған" логотипін жапсырып, саудасын қыздыратын кәсіпкерлер күрт көбейгенін айтады. Олар тіпті жалған құжатпен тендерге қатысып, қаражат алады екен. Осы келеңсіздікке тосқауыл болу үшін халық қалаулылары бір ауыздан жаңа заң жобасын мақұлдады.

"Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау