Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі құрылады. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
"Биылғы заңнамалық жаңалықтардың бірі – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі. Бұл – өндірушілер мен олардың өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік цифрлық жүйе. Реестрге енгізу жинақталған мәліметтер негізінде "жалған өндірушілерді" анықтауға, ашықтықты арттыруға, жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді", – дейді Ерсайын Нағаспаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда халық саны жыл басынан бері 70 мыңға артты: ең көп өсім қай өңірде байқалды
Реестрге енгізу механизмі төрт кезеңнен тұрады:
- ақпараттық жүйе арқылы өтінім беріп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы деректерді өңдеуге рұқсат беретінін растайды;
- мемлекеттік деректер базасымен цифрлық тексеріс арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі;
- технологиялық операциялардың орындалуы бағаланады, қажет болған жағдайда өндірістік алаңға барып бағалау жүргізіледі;
- реестрдегі отандық тауар өндірушілерге тоқсан сайын мониторинг жасалады.
Мемлекет басшысы тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін заңға биыл 19 мамырда қол қойған.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63