Тікелей эфир

Қазақстанда несиенің пайыздық мөлшерлемесі рекордтық деңгейге жетті

Елімізде қарапайым азаматтарға берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі қымбаттап рекордтық деңгейге жетті.

Өткен айдың өзінде банктердің орташа ставкасы 20,2%-ды көрсеткен, яғни бір айдың ішінде 3,4% өсті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сарапшылар берген мәлімет бойынша, бұл соңғы жеті жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Жылдық мөлшерлеме былтыр да 14,2%-дан 18,3%-ға көтерілген. Сондықтан, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында банктердің пайыздық мөлшерлемесінің өсу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Ал пайыздық мөлшерлеменің қымбаттауы Ұлттық банк белгілейтін базалық мөлшерлеменің өсуімен байланысты. Үш жыл бойы тұрақты түрде көтерілген базалық мөлшерлеме тек өткен айда ғана 16,75%-дан 16,5%-ға төмендеді. Қаржы ұйымдары пайыздық мөлшерлемені әлі азайтқан жоқ.


Оқи отырыңыз: Несие төлемін кешіктірсеңіз, не істеу керек? Маман кеңесі.


 

Серіктестер жаңалықтары