Тікелей эфир

Қазақстанда мектеп басшыларының кадрлық резерві жасақталады

Резервке енген менеджерлер "Болашақ" арқылы шет елде тағылымдамадан өтеді.

Қазақстанда білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві жасақталады. Оқу-ағарту министрлігі резервке енген басшыларды "Болашақ" бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы педагогтерімен кездесу кезінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

"2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда, мониторингтік зерттеулерге сәйкес жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар "Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві" жасақталады. Резервтегі менеджерлерді "Болашақ" бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа, еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады", – деді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары