Тікелей эфир

Қазақстанда "конструктор" көліктерді заңдастыру мерзімі белгілі болды

23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 200 мыңға жуық көлікті заңдастыруға рұқсат етілген.

Ішкі істер министрлігі "конструктор" көліктерді заңдастыру шартын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Polisia.kz-ке берген мәліметінде хабарлады.

Оның айтуынша, жоба қазір Үкіметтің қарауында. Болжам бойынша келесі аптада қол қойылуға тиіс.

"Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Содан кейін біз құрастырылған көліктерді заңдастыруға кірісеміз", – деді Қайсар Сұлтанбаев. 


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, биылғы 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 200 мыңға жуық көлікті заңдастыруға рұқсат етілген. Оның 100 мыңнан астамы заңдастырылған.

Серіктестер жаңалықтары