Тікелей эфир

Қазақстанда киіктерді көктемгі және күзгі есепке алу мерзімдері белгіленді

Жануардың есебі көктемде 20 наурыз бен 1 мамыр және күзде 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында жүргізіледі.

Қазақстанда мекен ететін киіктердің есебін жүргізу мақсатында оларды есепке алу мерзімдері белгіленді. Жалпы, есепке алу тізбесінде 38 жабайы жануар болса, олардың қатары енді киікпен толықты. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жаңа мазмұнынан белгілі болды. 

Киіктерді есепке алу мерзімдері: 

  • 20 наурыздан 1 мамырға дейін;
  • 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін. 

"Киіктердің стандартты көктемгі авиациялық есебі үшін мерзімдері бекітілген ұсыныстарға сәйкес 20 наурыздан бастап 1 мамырға дейін болып белгіленуі керек. Жаз-күз айларында автокөлікті пайдалану арқылы мониторинг жүргізілуі керек. Мақсаты – популяциялардың табындығын, аумақтық таралуын, маусымдық қозғалысын, демографиялық құрылымын (жыныстық жас құрамы) анықтау", – делінген құжат жобасында. 


Оқи отырыңыз: "Бұл – абсурд". Мәжіліс депутаты киік санын реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді


Күзгі мониторинг 1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін жүргізіледі. Оның мақсаты – табынның қозғалысын анықтау және мүмкіндігінше көбею үлесін (жас жануарлардың үлесі) анықтау. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мамыр айындағы төлдеу уақытындағы мониторингті тек мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Серіктестер жаңалықтары