Тікелей эфир

Қазақстанда кейінгі 10 жыл ішінде 600-ге жуық елдімекен жойылған

Бір кездері «болашағы жоқ» деп аталған, сәйкесінше тұрғын саны 50 адамға жетпейтін ауылдар картадан да сызылды.

Еліміздегі елдімекендер саны 6 838-ден 6 256-ға қысқарды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл үрдіс жалғаса береді, себебі кішігірім ауыл халқы іргесіндегі ірі елдімекендерге қоныстанып жатыр. Қазір ауыл халқының саны 7 миллион 600 мыңнан асады. Демек, қазақстандықтардың шамамен 38-39%-ы әлі күнге дейін ауылдарда тұрып жатыр.

Кейінгі жылдары елді қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік жобалар қолға алынды. Дегенмен күнкөріс деңгейі төмен өлкелер жетерлік. Бұдан бөлек, жұмыссыздық мәселесінің де өршіп тұрғанын ұмытпаған жөн. Үкімет тұрғын саны аз, кішкентай елдімекендерге қаржы бөлмейді. Басымдық халық көп шоғырланған ауылдарды дамытуға беріледі. Жергілікті әкімдік әу бастан-ақ «болашағы жоқ» ауылдарды қаржыландырудан қашады. Десе де, мұндай тәжірибенің де пайдасы бар, өйткені халық саны көп ауылдар әп-сәтте-ақ қалаға айналып шыға келеді.


Оқи отырыңыз: Қуантыров ауылдардың жойылуы туралы: Бұл – қалыпты процесс


"Бәрі халықтың келісімімен жасалады. Ол ауылға қала мәртебесі, не керісінше қалаға ауыл статусы берілсе де – әкімдік тұрғындармен ақылдасуға тиіс. Мәселен, қазір 18 елдімекен бар деп отырмыз. Онда халық саны 30 мыңнан асады. Олар мәртебесін өзгерткісі келсе, мәслихат деңгейінде талқылап, шешім қабылдауға құқылы", – деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбаеков.

Серіктестер жаңалықтары