
Visa Қазақстанда Tap to Add Card іске қосылғанын хабарлады. Бұл сервис тұтынушыларға картаны цифрлық әмияндарға кедергісіз қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін картаны смартфонға жақындату жеткілікті.
Компанияның хабарлауынша, Tap to Add Card жоғары қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және алаяқтық әрекеттерден қорғайды. Смартфонды жақындатқанда Visa-ның Chip Authenticate қызметі арқылы тексерілетін бірегей бір реттік код жасалады. Бұл код картаны қауіпсіз қосуға кепілдік береді және дәстүрлі әдістермен салыстырғанда процесті едәуір жылдам және сенімді етеді.
"Біз Қазақстанда Tap to Add Card шешімін ұсынуға қуаныштымыз. Бұл шешім картаны цифрлық әмиянға қауіпсіз қосуға кепілдік береді, себебі деректер озық технологиялармен сенімді қорғалған", – деді Visa компаниясының Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі аға вице-президенті, өңірлік менеджері Кристина Дорош.
Қазіргі таңда Қазақстанда 9 506 Tap to Add Card токендері іске қосылған, бұл цифрлық әмияндарға карталарды қосу кезінде технологияның ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін білдіреді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда цифрлық теңгенің төлем карталары іске қосылды