Қазақстанда инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс өтеді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Шара 2025 жылдың күзіне жоспарлған.

2025 жылдың күзіне қарай Алматыда инклюзия және арнайы білім беру бойынша алғашқы халықаралық конгресс өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдары ұжымымен кездесуде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, инклюзивті білім — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Соңғы бір жылда осы салада 20-ға жуық заңнамалық акт қабылданып, арнайы департамент құрылған. Қазір "Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді қолдау туралы" заң әзірленіп жатыр. Сонымен қатар 2028 жылға дейін барлық арнайы ұйымдар заманауи техникалық базамен қамтылады.

Бүгінде еліміздегі мектептердің 90 пайызында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 85 пайызға жетті. Педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші жаңа лауазымдары енгізілді. Үш деңгейлі сүйемелдеу моделі жүзеге асырылып жатыр. Жалпы, елімізде 504 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 235 мыңнан астам бала оқиды.

Сондай-ақ министрлік үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық орталығын құру туралы шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары