Елімізде енді сапасыз жол салуға жол бергендер қылмыстық жазаға тартылады. Автожолдардың құрылысы мен жөндеуін қадағалайтын ұйымдар бұдан былай кәсіби мамандарды штатқа алуға міндетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Демек жаңа өзгеріс бойынша жол құрылысына жауапты техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігі күшейтіледі. Ал осыған дейін мұндай ұйымдарға кәсіби мамандарды жұмысқа алу міндетті емес болатын.
Көлік министрлігінің өкілдері жаңашылдық жол жөндеу жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп отыр. Жаңа заң бойынша бақылау сапасын арттыруға күш салынады. Қадағалаушы мамандардың құқықтық жауапкершілігі артады. Егер олар жұмысына салғырттық танытса жауап беретін болады.
"Ал екіншісіне келетін болсақ авторлық техникалық қадағалау органдары қандайда да бір жұмысына салғырт қарап жұмысты дұрыс орындамаса тек қана айыппұл көзделген болатын, негізі бұл кісілерге. Ендігіден бастап олар қандайда бір талаптарды немесе өз алдына қойған мақсаттарды дұрыс орындамаса, кәдімгі мемлекетті қызметкерлер сияқты жауапкершілікке тартылатын болады. Демек, бұл дегеніміз заң қатаңдатылды деген сөз", – деді ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61